Қала әкімі Erlan Aitakhanov Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағындағы діни жұмыстар барысы сөз болды. Қаладағы этносаралық және конфессия аралық тұрақтылық мәселелері талқыланды.
Ерлан Қуанышұлы митрополитке сапары үшін алғыс білдіріп, халық бейбіт те келісіммен өмір сүруі үшін бір бағытта, бір іспен айналысу қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, шаһар басшысы қалада бейбітшілік пен келісімді, конфессияаралық татулықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады.
Өз кезегінде митрополит өзге ұлт өкілдерінің наным-сеніміне құрметпен қарайтын қазақ елінің кеңдігі мен бірлігін айтып, қала басшысына қонақжайлылығы мен шіркеу істеріне тұрақты көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі