• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Среда, Декабрь 11, 2019
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Home Бас ақпарат

Ташкент сапары: Түймебаев пен Сатыбалды Оңтүстік жұртына сәлем жолдады.

14.11.2019
0
Ташкент сапары: Түймебаев пен Сатыбалды Оңтүстік жұртына сәлем жолдады.

Түркістан облысының тұңғыш әкімі және кезінде Шымкент қаласын басқарған басшы «Айғаққа» эксклюзивті сұхбат берді. Жансейіт Түймебаев пен Дархан Сатыбалды Өзбекстан жерінде жүздесіп, Оңтүстік аймағын сағынышпен еске алды. Беделді қос азаматтар қазірде ел үшін еңбек етуде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Түймебаев жұмыс сапарымен Ташкентке барып, Өзбекстандағы Елші Дархан Сатыбалдымен кездесті. Екі елдің достастығын нығайтатын шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Ассамблея мүшесі Дулат Әбіш пен «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы да қатысты.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара рухани байлықты көтеруге бағытталған. Қазақстанның Өзбекстандағы жылдарымен байланысты. Көрші елдің астанасы Ташкентте екі күнге жоспарланған халықаралық конференцияға Нұр-Сұлтан қаласынан барған Жансейіт Қансейітұлы елшіліктің жаңа ғимаратымен танысты. Құрылысы ұзақ жылға созылған Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі алдағы уақытта ресми түрде пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Орталық Азия — біздің ортақ үйіміз». Дәл осы тақырып аясындағы халықаралық конференцияның мақсаты — екі елдің достық жібін жалғастыру, Қазақстанда тұратын өзбек халқының фольклор кітабының тұсауын кесу. Осы мақсатта басқосқандар бірінші күні Елшінің қабылдауында болып, құрмет көрсетті. Екі тарап бір-біріне сый берді. Жансейіт Түймебаев Дархан Сатыбалдыға Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін табыс етті.

Оқи отырыңыз...

ЛИЦЕНЗИИ ЕЩЕ ПЯТИ ВУЗОВ ПРИОСТАНОВЛЕНЫ В КАЗАХСТАНЕ

ЛИЦЕНЗИИ ЕЩЕ ПЯТИ ВУЗОВ ПРИОСТАНОВЛЕНЫ В КАЗАХСТАНЕ

11.12.2019
Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

10.12.2019

Қабылдау кезінде әсерлі әңгіме айтылды. Еліміздегі Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы ауа-райы суық Нұр-Сұлтан қаласынан лебі ыстық Ташкентте жүріп, ерекше әсерін байқатты. Түркістан облысының тұңғыш әкімі болған жерлесіміз рухани аймаққа дұғай-дұғай сәлемін жолдап, сағынып жүрген сезімімен бөлісті.

Елшіліктің жаңа ғимаратының алдында ұлы ақын Абайдың ескерткіші бар. Дара тұлғаның бейнесі тұрған маңда елден барған делегация әңгіме құрып, естелікке суретке түсіп алды.

Осы сәтте Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Амангелдіұлы да кезінде өзі әкім болған Шымкентті еске алып, жан жүрегімен тебірене мегаполис туралы пікірін білдірді. Жаңалықтан Шымкент десе, елең ете қаламын, қашанда тілекші болып отырамын дейді.

Қос күнге жоспарланған іс-шараның екінші күнінде «Орталық Азия — біздің ортақ үйіміз» тақырыбында конференция өтеді. Онда жан-жақтан келген мықтылар баяндама жасап, құнды кітаптың тұсауы кесілмек. Соңы мерекелік концертке ұласады.

 

«Айғақ» ақпарат

ShareTweetPin
Алдыңғы мақала

Тағайындау. Ғалымжан Әбішев жаңа қызметке келді

Келесі мақала

Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЛИЦЕНЗИИ ЕЩЕ ПЯТИ ВУЗОВ ПРИОСТАНОВЛЕНЫ В КАЗАХСТАНЕ

ЛИЦЕНЗИИ ЕЩЕ ПЯТИ ВУЗОВ ПРИОСТАНОВЛЕНЫ В КАЗАХСТАНЕ

11.12.2019
Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

10.12.2019
Александр Рогачук и Нуртай Кайрат во время церемонии предачи эстафеты культурной столицы стран СНГ

Брест передал эстафету культурной столицы СНГ казахстанскому Шымкенту

10.12.2019
Жыл басынан бері Түркістанның Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Жыл басынан бері Түркістанның Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

10.12.2019
ШЫМКЕНТ 2020 ЖЫЛҒЫ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

ШЫМКЕНТ 2020 ЖЫЛҒЫ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

10.12.2019
ТҮРКІСТАНДА «СӘЛЕМ САҒАН, ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «СӘЛЕМ САҒАН, ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

09.12.2019
Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті

Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті

09.12.2019
Facebook Telegram Youtube Instagram
"Айғақ" ақпараттық порталы

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телекомпаниясы"

Тел.: +7 725 230 10 86, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.