Бүгін Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты. Кездесу барысында үшінші мегаполис басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.