• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Среда, Декабрь 11, 2019
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Home Айғақ TV

М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері Елбасы кітапханасында

10.10.2019
0
М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері Елбасы кітапханасында

2019 жылдың 9-10 қазан күндері ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты республикалық жастар семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингке М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик Дария Қожамжарова бастаған 25 студент жастар қатысты, деп хабарлайды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың баспасөз қызметі.  Университеттен барған делегаттарды ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов арнайы қабылдап, өз сөзінде Елбасы еңбегіне ерекше мән беріп,  жастарға жан-жақты талдап-түсіндірді. Семинар-тренингке Шымқаладан барған жастар бұл жиыннан ерекше әсер алып, өзіндік танымын қалыптастырды. Елбасының еңбегінің ересен жемісін көріп, көрмеге қойылған кітаптармен танысып, елімізге деген патриоттық сезімі артты. Тың көзқарасы, жаңа заманға сай бейімделген шығармашыл тұлғаның болашаққа деген нық сенімі беки түсті.

Жиында сөз алғандар Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлт  тарихының  ең  бір күрделі кезеңінде ел басқарған ұлы тұлға екендігіне тоқталып, өткен ғасырдың 90-жылдары алып Кеңестік қызыл империя тарқаған уақытта ел тізгінін қолға алған көрегендігіне ерекше мән берді. Кеңестік саяси жүйенің бәрі құрдымға кетіп, экономика шатқаяқтап, ортақ ақшадан ажырап, идеология, мәдениет, білім барлық сала атаулы ақсап, ел еңсесі түскен уақыт еді. Оның бәрі айтуға ғана оңай нәрселер. Осындай қиын-қыстау жағдайда  ел ішін реттеп, оның болашағын болжап, алға сүйрейтін тұлға қажет еді. Осындай ауыр миссияны  Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев  өз мойнына алып абыроймен атқарғанын жан-жақты ашып көрсетті.

Елбасының мемлекетіміз үшін жасаған ұлы еңбектері — жас ұрпақтың алдындағы жарқын бағдары. Оның жемісін көретін уақыт алда. Жастар семинар-тренингтің нәтижесінде Елбасы еңбектерінен өздеріне жасалып жатқан қамқорлық пен берік қолдауды анық сезініп, елімізді көркейтіп, абыройын асқақтатуда зор еңбек ету керектігін терең түсінді. Әсіресе, Қазақстанның ғылым саласын дамытып, еліміздің ғылыми потенциалын арттыру керектігін сезінді.  Ғылымның әр саласынан жаңалық ашып, тарихымыздың зерттелмей жатқан беттерін, Ұлы даланың сан қырын бүкіл әлемге терең танытатын кез жеткенін түсінді. Іс-шара соңында барлық қатысушы-делегаттарға арнайы сертификат пен Елбасы еңбектері табыс етілді.

 

Оқи отырыңыз...

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

10.12.2019
Александр Рогачук и Нуртай Кайрат во время церемонии предачи эстафеты культурной столицы стран СНГ

Брест передал эстафету культурной столицы СНГ казахстанскому Шымкенту

10.12.2019
ShareTweetPin
Алдыңғы мақала

Арыс қақпасының лентасы қиылды

Келесі мақала

Аз қамтылған жанұялар мен мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2% мөлшерлемемен несиелер беріле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы басталды

10.12.2019
Александр Рогачук и Нуртай Кайрат во время церемонии предачи эстафеты культурной столицы стран СНГ

Брест передал эстафету культурной столицы СНГ казахстанскому Шымкенту

10.12.2019
Жыл басынан бері Түркістанның Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Жыл басынан бері Түркістанның Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

10.12.2019
ШЫМКЕНТ 2020 ЖЫЛҒЫ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

ШЫМКЕНТ 2020 ЖЫЛҒЫ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

10.12.2019
ТҮРКІСТАНДА «СӘЛЕМ САҒАН, ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «СӘЛЕМ САҒАН, ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

09.12.2019
Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті

Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті

09.12.2019
Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл!

Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл!

09.12.2019
Facebook Telegram Youtube Instagram
"Айғақ" ақпараттық порталы

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телекомпаниясы"

Тел.: +7 725 230 10 86, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Денсаулық
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Жобалар
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2018. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.