Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтар құрылған болатын. Олардың құрамында зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен ғалымдар, тарихшылар мен басқарма басшылары да бар. Осы орайда, Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев пен ХҚТУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжамал Жораева бастаған топ Ордабасы ауданында болды. Аудандық жастар орталығында өткен кездесуде мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі басымдықтар кеңінен талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді.
Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар.
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бастысы, Ордабасылықтар да Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайтындықтарын айтып жатты.