Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келетіндігін айтты. Сондай-ақ, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратындығын нақтылап берді. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетіліп, нақты іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып келеді. Яғни, Мемлекет басшысының 3 жылға дейін шағын және орта бизнес иелерін салықтан босатуы және тексеруге тыйым салуы кәсібін бастап отырған әрбір бизнес иесі үшін зор көмек. Есесіне елімізде бұл топтың өкілдерінің қатары көбейетіні даусыз. Өздеріңізге белгілі шағын және орта бизнес ішкі экономиканың қозғаушы күші. Бұл тұста, кәсіпкерлікпен айналысуға бар мүмкіндік жасалған. Ал, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқанымыз барлық саланың даму көрсеткішінің жоғары екендігін көрсетеді. Тиімді шағын және орта бизнестің қала мен ауылды дамытудың берік негізіне айналуы – бұл бағыттағы тірліктердің еселі екендігін айқындайды. Сондықтан, сындарлы қоғамды қалыптастыру – өз қолымызда.
Ғани Ташқараев,
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы.