Бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қанат жайып, қалыптасуы мен нарық кезінде дамуына елеулі еңбегі және жариялылық пен демократияны дамытудағы белсенді қоғамдық қызметінде Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Айғақ» телеарнасы мен республикалық газетінің қызметкерлері Қазақстан мәслихат хатшылары бірлестігінің медаліне ие болды.
Аталмыш марапатты Ордабасы аудандық мәслихатының хатшысы Баймахан Сәдуақасов «Айғақ» телеарнасының директоры Мұхтар Серікбаевқа, Қазақстанның құрметті журналисі, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», құрметті демалысы зейнеткерлікке шықса да телеарна жұмысынан қол үзбеген оператор Ағабек Қазанбайға, «Айғақ» газетінде тұрақты түрде мақалалары жарияланып тұратын «Қазақстан журналистикасының қайраткері» Шаһаризада Дәнееваға және «Айғақ» республикалық газетінің редакторы Нұржан Мамаевқа «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты.
Айта кетейік, 2014 жылы «Айғақ» телеарнасына өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды кеңінен жариялап, көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Алғыс жарияланған болатын.
Еңбегі еленген марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
«Айғақ-Ақпарат»