Елбасымыздың тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты және бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.
«Бір ай бойы жүйелі және тынымсыз еңбектің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік», – деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпкерлерді шарттармен таныстыру және кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру мақсатында белсенді сату әдісі қолданылғандығын және қаржының кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті.