Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы іргелі оқу ордасын 27 жыл басқарған ҚР Білім беру ісінің үздігі Қатира Қырғызбайқызы Кәдірбаева 21 тамыз күні дүниеден озды.
Қатира Қырғызбайқызы Жезқазған педагогика институтын 1986 жылы бітірген. Физика пәнінің мұғалімі болатын. Білімі мен біліктілігінің арқасында талай шәкіртінің анасына айналған адал жанның салаға қосқан үлесі орасан. Еліміз тәуелсіздік алған жылы ашылған алтын ұяның білім іргетасының бекем орнығуына атсалысты. Талап пен тілек — республика, қала берді алыс-жақын шетелдерге №65 мектеп-гимназиясының атағын асқақтатты. Сол үшін де «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ол Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері еді.
Қатира Кәдірбаеваның қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, барша ұстаздар қауымына көңіл айтамыз.
«Айғақ-Ақпарат»