Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды»,- делінген Жарлық мәтінінде.
Айта кетсек, Ерлан Әбіл Жезқазған тау кен-технологиялық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Осы тағайындауға дейін Академия жанындағы Басқарма институтына басшылық еткен.