Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы мен «Adilet group» заң консультанттары палатасы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы құрылды. Екі жақты түзілген келісім шарттың мақсаты — қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандығын заң аясында қолдау.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалына жылына 3200 адам әр түрлі сұрақтармен келеді. Оның көбі осы құқық қорғау саласына қатысты болғандықтан заңгер мамандармен меморандум түзуге келіскен. «Adilet group» компаниясы алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ, өзге де қала тұрғындарына заң тұрғысында көмек беруге дайын екендігін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, құжат рәсімдеу кезінде немесе сот ісі барысында орын алған заң бұзушылықтармен күреседі. Сондықтан да, мегаполистегі «Nur Otan» партиясының филиалына барып жүгінсеңіз болады.
«Айғақ-Ақпарат»