Шымкент қаласының басты жолдарының бірі Ахмет Байтұрсынов көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны баршаңызға мәлім.
Жоспар бойынша құрылыс жыл соңында аяқталуы тиіс болатын, әкімшілік тарапынан түскен өтінішке байланысты қыркүйек айында толық аяқталады.
Жаздың аптап ыстығына қарамастан, жол жөндеу жұмыстары жалғасып, асфальт төселуде.
Жол құрылысына бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 1 миллиард 290 млн теңгені құрайды, соның 700 млн ендігі жылдың еншісіне қалып отыр.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания қала тұрғындарын сабырлық танытуға шақырды.