Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа үндеу жасап, Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдындағы аллеяда «уақыт капсуласын» салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті іс-шара барасында бұл үндеудің қазақстандықтардың болашақ ұрпағына маңызын атап өтті.
«Уақыт капсуласында» заманауи сарында жасалған ұлттық ою-өрнектерді байқауға болады. Сондай-ақ, оның петроглифтерге ұқсас екені байқалады.
Композицияда мына жазбалар көрсетілген:
Qazaqstan Respýblikasynyń Tuńǵysh Prezıdentі – Elbasy
N.Á. Nazarbaevtyń keleshek urpaqqa arnaǵan
ýaqyt kapsýlasy
Qoıylǵan kúnі — 21.06.2019 j.
Ashylatyn kúnі — 22.06.2049 j.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz