4 маусым — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Түркістан қаласында «Мемлекеттік рәміздер — киелі құндылықтарымыз» атты мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Рәміздер алаңында өтіп отырған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев қатысып отыр.
Салтанатты жиында ақындар өлең оқып, әншілер оташылдыққа шақыратын әндер шырқады. Мерекелік шарада «Асыл қазына» әжелер ансамблі, «Семсер» , «Болашақ» топтары мен «Шабыт» бишілер тобы өнер көрсетті. Сонымен бірге Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, Қ.Сәтмұханбетова және өзге де жас әншілер ән шырқауда.
Сарбаздар мен «Жас сарбаздар» клубының мүшелері мемлекеттік рәміздерді ортаға алып шығып, осы құндылықтарды құрметтеу жөнінде ұран тастайды.