Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Қазығұрт ауданында жұмыс сапарымен болды. Онда алдымен «Аманкелді» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Қожалықтың жер көлемі – 2322 гектар. Өндіретін өнім түрлері – I, II және III репродукциялы бидай тұқымы мен жеміс-жидек өнімдері. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тамшылатып суару әдісімен 405 гектар алқапқа жеміс-жидек егіп отыр. Атап айтқанда, 150 гектарға – алма, 88 гектар жерге – шабдалы, 31 га – шие, 94 га – алхоры, 25 га – өрік, 17 га – алмұрт, 120 га – тайфый сортындағы жүзім, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...