Түркістан облысындағы облыстық маңызы бар жолдарда шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейдтік шаралар басталды. Шараның мақсаты – автомобиль жолдарының сапасы мен жол қауіпсіздігін сақтау, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімдігімен бекітілген іс-шараға сәйкес, шараға облыстық полиция департаменті, транспорттық прокуратура, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазығұрт ауданындағы біркүндік рейдтік тексеру нәтижесінде 5 хаттама толтырылып, заңды бұзған жүргізушлерге айыппұл салынды. Аталған рейдтік шара облыстық жолдарда жалғасатын болады.