Қазақстандағы екі биатлон стадионы IBU «А» санаты бойынша аккредитация алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Алматы және Щучинск қалаларында орналасқан шаңғы-биатлон кешендері Халықаралық Биатлон Одағының IBU «А» санатын иеленді. Енді Қазақстан тарапы IBU бастамасымен ұйымдастырылатын халықаралық жарыстарды өткізуге үміткер бола алады. Оның ішінде, әлем кубогі кезеңдері мен қысқы әлем чемпионаты да бар», — делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, лицензия 2024 жылдың қараша айына дейін күшін сақтайды.