Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың орталық көшелеріне еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтқан болатын.
Осыған орай,Түркістани қаласының орталық көшесінің бірі Н.Назарбаевтың аты берілетін болды. Аталмыш мәселе Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясының күн тәртібінде қаралды. Ұсыныс халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Енді шешім республикалық ономастикалық комиссияда қаралатын болады.