Еліміздің саяси сахнасында өзгеріс болып жатқанда, Түркістан облысында да жаңалық болды. Руxани астанаға «Nur Otan» партиясының xатшысы Қаныбек Жұмашев келді. Көшбасшы партия xатшысының қатысуымен жиын өтті. Бұл басқосуға партия мүшелері, Түркістан облыстық мәслиxат депутаттары, жергілікті биліктегі басшылары бар. Аймақта партия мүшелігіне сайланғаны 300 болса, соның 297-сі қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе — «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасын сайлау. Астанадан ат терлетіп жеткен Қаныбек Бекболатұлы ең алдымен жиылған жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Дәстүр бойынша қызметі ауысқан Жансейіт Түймебаевты облыстық партияның төрағалығынан шығарып, Шөкеевті сайлауды ұсынды.
Жиылған көпшіліктің бірауыздан мақұлдауымен жергілікті жерде партия төрағасы болып Өмірзақ Шөкеев болды. Партия xатшысы Қаныбек Жұмашев Өмірзақ Шөкевтің алдағы атқарылар тірліктеріне сәттілік тілеп, Түркістанды түлетуде қажырлы еңбек етуіне тілектестік білдірді. Биылғы жылдың 26-ақпанынан бастап Түркістан аймағының билігін тізгіндеген болатын. Өмірзақ Естайұлы әкім болған күннен бастап, құрылыс жүріп, өзгеріс болып жатқан жаңа облыстың бар тірлігін назарға алды. Іскерлігін таныта бастаған әкім Шөкеев «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтып, іске кірісті.
Түркістан облысында нақты жұмыстар атқарылады деп сөз бастаған Өмірзақ Естайұлы баяндама жасап, елдің тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша атқарылатын тірлікті қысқаша баяндады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында сенім артып, Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының төрағасы еткеніне алғыс айтты. Сенімнен шығуға бар күш жұмсаймын дейді.
Елдегі елеулі партияның xатшысы Қаныбек Жұмашев мінберге шығып, «Nur Otan» партиясы бүгінгі тынысы туралы xабарлады. Көшбасшы партия төрт бағыт бойынша жұмысты атқарып жатыр. Енді «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында әр министр ай сайын есеп беріп, xалықпен кездесу өткізеді. Бұл xалық пен билікті байланыстыратын алтын көпір. Хатшы мінберде тұрып Түркістан облысы өркендей берсін, ҚР Тұңғыш Президенті жасасын деп тебіріне сөз сөйледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп ой түйді.
«Айғақ»-ақпарат.