Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасы алғаш рет үздік бестікке кірді, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) баспасөз қызметінен.
«Қазақстан командасы алғаш рет өз тарихында марапаттау тұғырының бесінші сатысына көтерілді! Біздің қыздардың үлкен жетістігі. Қазақстанның әйелдер құрамасы атынан Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева мен Гүлмира Даулетоава қатысқан болатын», — деп хабарлады ҚШФ Астанада аяқталған ӘЧ қорытындысы бойынша.
Әйелдер құрамасы арасында бірінші орында Қытай, ары қарай Ресей мен Грузия, төртінші орында Украина тұр. Қазақстаннан кейін алтыншы орынды Үндістан, жетінші орынды АҚШ иеленді. Үздік ондықты Венгрия мен Мысырдың командалары аяқтап тұр.
«Қазақстанның ерлер командасы Швеция мен Мысырды артта қалдырып, сегінші орынды иемденді. Қорытынды турнирлік кесте келесідей: 1 орын – Ресей, 2 орын – Ұлыбритания, 3 орын– Қытай, 4 орын – Үндістан, 5 орын – АҚШ, 6 орын – Иран, 7 орын – Әзірбайжан, 8 орын – Қазақстан, 9 орын – Швеция, 10 орын – Мысыр», — деді ҚШФ-дан.
Қазақстан ерлер құрамасының атынан жарысқа Ринат Жұмабаев, Әнуар Исмағамбетов, Мұртас Қажғалеев, Денис Махнев пен Петр Костенко қатысқан еді.
Шахматтан командалық әлем чемпионаты Астанада 4-14 наурыз аралығында өтті. Турнирге 14 елден мықты деген құрамалар қатысты.
ҚазТАГ.