Түркістан облыстық клиникалық ауруxанасында шетелдік дәрігерлердің қатысуымен буын ауруына ота жасалды. Мастер классты Германиядан және Ресейден келген білікті ортопед дәрігерлер өткізді. Маңызды ота 63 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынына жасалды. Егде жастағы науқас отаға дейін амбулаториялық ем қабылдаған. Алайда, ешқандай нәтиже болмай, ота арқылы тізе арасына протез қоюға тура келген. Шетелдік дәрігерлер бұл жұмысты жүзеге асырып, 2 сағатқа жуық уақыт операция жасады. Науқастың мұндай күйге түсуінің басты себебі, артық салмақ. Отаға түскен науқастың салмағы 120 киллограмды құрайды. Сондықтан да, дәрігерлер артық салмақтан арылып, денсаулықты күтуге кеңес береді.
«Айғақ-ақпарат».