2018 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 276,2 мың адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,3% құрады.
2018 жылы қала аумағында 280 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 60 мыңнан астам адам қатысты.
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға жұмылдыру және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы бірқатар спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Олар:
— Шымкент қаласы, Жиделі және Қазығұрт шағынаудандарында спорт ангарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Жеке кәсіпкерлердің бастамасымен 2 жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыстарын бастады. Атап айтсақ:
— Жекпе-жек және күштік спорт түрлері бойынша (дзюдо, каратэ-до, кикбоксинг, еркін күресі, грек-рим күресі, альпинизм және футбол) жаттығу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету.
— Ату алаңында жаттығу (қабырғаға оқ ату және оқ ату) үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету.
2018 жылы қала спортшылары спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 361 алтын, 258 күміс, 311 қола медаль жеңіп алды.
Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 22 алтын, 14 күміс және 25 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 17 алтын, 16 күміс және 21 қола медальге ие болды.
Есепті жылы 11 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 42 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 138 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.