Елбасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында 59 қызмет түрі бойынша тарифтер төмендеді. Бірінші тариф электр энергиясын тасымалдау — 10,2 пайызға яғни, 7,38 теңгеден 6,64 теңгеге дейін түсті. Бұл туралы бүгін «Түркістан медиа орталығында» өткен баспасөз жиынында Түркістан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Қымбат Бейсенов айтып берді. Тарифтер бойынша алда толығырақ «Айғақ» телеарнасының кешкі жаңалықтарынан көретін боласыздар.
«Айғақ-ақпарат».