СҮЙІНШІ!!! Елімізде орын алып жатқан қаншама қайғылы оқиғалардың артынан жақсы жаңалық та бүгін орын алып отыр. Түркістан облысының халқы 3 батырмен толықты.
Үшемдердің анасы Жадыра Абдалиева жүктіліктің 32-аптасында Түркістан облыстық №1 перенаталды орталыққа келіп түседі. Ай-күніне жетпей үшемді 26-қаңтар күні дүниеге алып келеді. Босанған күні сәбилер жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің қатаң бақылауында болған.
2010 гр, 1740 гр, 1700 гр салмақта өмірге келген нәрестелердің бүгінде жағдайлары бірқалыпты болып, салмақ қосқан және үйге шығарылуға да рұxсат алған. Жадыра Абдалиеваның отбасы тұңғыш сәбилерін көріп қатты қуануда.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымовтың туған күнімен бірдей өмір есігін ашқан сәбилерге әжесі жақсылардан үлгі алып, еліне өз пайдасын тигізсін деген тілек айтады. Аман, Аян және Саян атты бүлдіршіндер ел тірегі болар азаматы болсын деп біз де ізгі ниетімізді арнаймыз!
«Айғақ»-ақпарат.