Қандасымыз Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды.
Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен өткен Моңғолия чемпионатының екінші күнгі жарысы аяқталды. Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.
Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана-нан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды вазари ұпайымен жеңді.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің
күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.
Дереккөз: kaznews.mn.