Қытайда спорттық бағдарлаудан Азияның VI чемпионаты өз мәресіне жетті. Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары қола жүлдегерлер атанды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Сайыс қорытындылары бойынша армиялық спортшылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері капитан Денис Власов пен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Виталий Лукашевич қола жүлдегер атанды. Өткен турнир рейтингтік болып табылатынын айта кету қажет. Оның қорытындысы бойынша максималды ұпай санын жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер биылғы жылдың тамызының 13-і мен 17-і аралығында Норвегияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
ҚазАқпарат.