Қазақ халқы үшін ұлық мереке Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Әлмаханұлы Әбішов «Парасат» орденінің иегері атанды.
Әбішов Нұралы Әлмаханұлы еңбек жолын Келес ауданы «Бірлік» совхозының электригі болып бастап, әр жылдары Шардара құрылыс комбинатының жұмысшысы, Шардара ауданы, «Юбилейный» совхозының жүргізушісі, Шымкент қаласында «Шыңғысхан» кіші кәсіпорнының директоры тағы басқа көптеген кәсіпорындарда еселі еңбек етіп бүгінгі таңда «Агро-V» ЖШС директорының қызметін абыройлы атқарып, еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлес өосып келеді.
Еселі еңбектері үшін «Құрмет» ордені, «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихаттарына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарының иегері атанып отыр.
Құрметті Нұралы Әлмаханұлы, Сізді, еліміздің жоғары наградасына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Мұндай жоғары наградаға ие болуыңыз Сіздің ұзақ жылддары еткен еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесіңізді қосып жүре беріңіз.
Еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға амандық тілейміз.