«Нұр Отан» партиясы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда Түркістан облысының және Шымкент қаласының коммуналдық сала қызметкерлері тұрғындармен кездесті. Жиында мәлім болғандай тұрғындардың көкейіндегі сауалдардың басым бөлігі – газбен жабдықтау қызметіне қатысты.
Қысқы жылыту маусымы кезеңінде тұрғындардың иісті газдан улану оқиғалары жиі кездесіп жатады. Сондықтан осы бір қауіптің алдын алу мақсатында Абай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазығұрт» мөлтек ауданында жекелеген тұрғын үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп арнайы парақшалар таратылды. Абай ауданы әкімдігі мен «Қаз Транс Газ Аймақ» мекемесінің мамандарымен бірлесе атқарылған шара барысында тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу барысы да жан-жақты түсіндірілді.
Шымкентте соңғы 10 айда 19236 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Ал, жастар практикасына жолданғандардың саны 2250 ді құраған. Нақты деректерді мәлімдеп, және әлеуметтік жұмыстарды кеңінен түсіндіру үшін, бүгін қаламызға ҚР –ы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен арнайы насихат топ мүшелері келіп, семинар өткізді.
13 қараша — халықаралық зағиптар күні. Осыған орай Облыстық зағиптар және көзі әлсіз көретіндерге арналған кітапханада «Мейірімменен үміттерді жалғайық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында кітапхананың жас оқырмандары өз өнерлерін ортаға салып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
17 қараша студенттердің төл мерекесі. Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресуртық орталығы» білімпаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Осыған орай Түркістан қаласында баспасөз-конференциясы өтті. Ұйымдастырушылыр өткізілетін шаралардың бағдарламасын және талаптарын таныстырып берді.
Түркістан облысында жат ағымның жетегінде кеткен азаматтардың саны 2000 ға жетіп отыр. Келеңсіздіктің алдын алу мақсатында «Діни экстремизм, тероризм бебітшілікпен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты семинар ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы орталық мешітте бас қосқан дін қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Білім саласына бағытталып жатқан қолдау көп. Осының айғағы болар,тәуелсіздік жолындағы бүгінгі мектептер заман талабына сай жабдықталып, оқушылар өркениет үдесінен шығуда. Елдің болашағын көркейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ошақтары Бәйдібек ауданында да жетерлік.