Қожа Ахмет Ясауи кесенесін техникалық қолдау бойынша ЮНЕСКО бюросының бірінші ұлттық тұңғыш семинары ұйымдастырылды. Мақсаты, киелі мекенге тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған жолды енгізу. Осының негізінде өткен басқосуға Қазақстан мәдениет және спорт министірлігінен Жанат Сейдалиева , Түркістан облысы әкімінің өкілдері мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген нысандардың басшылшары қатысты.
Киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және сол аумақта 300-ге жуық қазақтың батырлары, хандары мен билері жерленген. Яғни, Түркі әлемінің рухани құндылығы сақталған тарихи мекен. Бүгінде мұны болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу мақсаты тұр. Әрине бұл тұста өткен семинардың береріде мол. Өйткені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне техникалық қолдау жасап жаңа кейіпке енгізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімдігінде басқосқан тарихшылармен архитектурлар екі күн бойы рухани астананың тарихи-мәдени нысандарын қорғап дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Саттар Мажитовтың айтуынша, болашақта киелі қаланы туристік секенге айналдыру үшін инфрақұрылым мәселелерін шешу керектігін атап өтті.
Ендігі жерде Түркістан қаласы алдағы уақытта қарыштап дамитын болады. Бұл тұста ЮНЕСКО бекіткен талаптарға сай болу басты міндет. Семинарға арнайы келген ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрағаттар мен тарихи қалалардың ландшафтар бойынша кеңесшісі Кристина Иаманди құнды жәдігерлерді сол қалпында сақтау қажет дейді.
Семинар барысында тарихи орындарды қалыпты сақтау үшін қажетті жолдар қарастырылды. Ендігі жерде түркі әлемінің астанасын көркейту қолға алынбақ.
Мақсат Тоқсанбай.