Бүгін тұңғыш рет шағалалы Шардарада «SAFARI SHARDARA» атты халықаралық деңгейіндегі фестивалі бастау алды. Әр түрлі ұлттық нақыштан басталған фестиваль «Түркі елінің түп тамыры — Түркістаннан шағалалы Шардараға сәлем!» атты Шардара мотошеруі Түркістан-Отырар-Шардара бағытында киелі жерлерге тағзым жасаған мотобайкерлер сахна алаңында мотокросс өнерін көрсетті. Сондай-ақ, фестиваль туын сахнаға көтеріп шықты. Мұнан соң, Шардара ауданының 20 балықшысы су бетінде шоу жасады. Яғни, балықшалар Қазақсатн туын жағаға шығарып, олардың соңынан желкенді қайықтар мүйісті айналып жүрді. Ал арнайы безендірілген үш моторлы қайық мүйістегі белгіленген орынға Рухани жаңғыру логотипін алып шықты. Иә, бұл көріністер көрермендерге ерекше рухани шабыт сыйлады. Аталмыш халықаралық шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев және алыс-жақын шет елдерден ұлттық спорттың саңлақтары, сондай-ақ, көптеген қонақтар қатысты.Сылаң қаққан Сырдың бойы мен Қызыр аралаған Қызылдың құмында орналасқан Шардара өңірі тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен саналады. Аудан орталығы — Шардара қаласы атауының өзі ғалымдардың пайымдауынша парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» деген ұғымды білдіреді екен. Яғни, ертеде бұл жер тоғыз жолдың торабы, керуен жолдардың түйіскен жері болған.
«Айғақ-ақпарат».