Жалпы Қазақстан Орталық Азияда тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Осы аймақтағы еліміздің үлесі шамамен 70 пайызды құрайды. Биылғы тоғыз айдың өзінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,5 триллион теңгені құрап, 21,6 пайызға өсті. Сонымен қатар билығы жылдың бірінші жартысында шетелдік инвестициялардың көлемі де артты. Алты айды ол 12,3 миллиард АҚШ долларын құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға артты. 2017 жылдың алғашқы жартысында тікелей шетелдік инвестиция 10,5 миллиард доллар болған еді. Осы категория бойынша: « Биыл елімізде 22,5 мыңнан астам көлік жасап шығарылды Елімізге инвестиция салудан Нидерланд көш бастады »
24.kz