Үкіметте көлік пен логистиканы цифрландыру мәселесі қаралды

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік пен логистиканы цифрландыру мәселесі қаралды.

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек баяндағандай, қазіргі кезде 3 учаскеде төлемақы алу жүйесі тестілік қолданылуда: Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас, Астана – Теміртау.

«2019 жылдың қаңтарында Шымкент – Ақтөбе – Мартук, Шымкент – Тараз – Қайнар және Астана – Павлодар учаскелерінде төлемақы жүйесін орнатуға конкурс жарияланатын болады. Жалпы 2020 жылы ұзындығы 6,5 мың шақырым болатын 17 учаске төлемақы алу жүйесімен қамтылады», — деді  Ж. Касымбек.

Сонымен қатар Астана – Щучинск учаскесінде RFID таңбаларды пайдаланумен аялдаусыз жүру жүйесі іске қосылған, PayWay.kz, интернет-банкинг, QIWI –әмиян қолма-қөол ақшасыз төлемақы төлеу сервисі іске асырылған. Жүргізушілердің ауар райы, жылдамдық режімі т.б. туралы хабардар ету мақсатында бұл учаске ауа райы датчиктерімен және ақпараттық табломен жарақталған.

Сонымен қатар жол бойы сервисін цифрландыру үшін «KazWay» мобильді қосымшасы іске қосылған және жол бойы сервисінің барлық нысандары бойынша өзекті мәліметтерді қамтитын IRU халықаралық автомобиль көлігі одағының «Transpark» электронды картасына деректер енгізілген. Жол активтерін басқару жүйесін 16 жол зертханасы арқылы алынған автомобиль жолдарының жай-күйі туралы деректермен толықтыру жұмыстары да жалғасып жатыр.

«Желтоқсанда ақпараттық қауіпсіздігіне аттестаттауды аяқтауды көздеп отырмыз. Жалпы, жүйе автожолдарды жөндеуге кететін шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді, 2025 жылға қарай 110 млрд теңге көлеміндегі экономикалық тиімділікті күтіп отырмыз», — деді инвестициялар және даму министрі.

Бұдан өзге, көлік бақылауын автоматтандыру үшін Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын енгізу жалғасып жатыр, ол шекті салмақ параметрлерінің бұзушылықтары санын азайтуға мүмкіндік береді және автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуде оң екенін байқатады.

«Жыл басынан бері 700-ден астам бұзушылықтар анықталып, 85 млн теңге көлемінде алымдар мен айыппұлдар түріндегі төлемдер алынды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 12 жүйені іске қосу көзделген. 2020 жылға қарай олардың жалпы санын 46-ға дейін жеткізу жоспарланған. Осылайша, көлік құралдарын өлшеу рәсімдерін автоматтандыру көлік бақылауны жүргізген кезде адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді», — деді  Ж. Қасымбек.

Көлік бақылауын толық автоматтандыру үшін келесі жылдың шілде айынан бастап ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру 3–7 күннің орнына автоматтандырылған режимде 15 минут ішінде берілетін болады.

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы саласында пилоттық режімде облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын диспетчерлеу жүйесі іске қосылған. 2019 жылдың соңына дейін 416  бағыт бойынша облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалындағы 2 мыңнан астам автобус тартылып,  пайдалануға беріледі.

«Smart City» аясында көлік саласында облыстық және республикалыық маңызы бар қалаларда жолақыны электронды төлеу және қоғамдық көлік мониторингі іске асырылып жатыр. Бүгінде бұл жүйелер Астана және Алматы қалаларында толық іске қосылған. Қалған қалалар бойынша 2018–2021 жылдар аралығында іске асыру мерзімімен тиісті жол карталары бекітілген.

Әуе тасымалы саласында биыл 14 маусымда жеке инвестормен «E-freight» қағазсыз құжаттар айналымы ақпараттық жүйесін енгізуге МЖӘ келісімі жасалған. Бұл жүк өңдеу уақытын азайтуға, шығындарды оңтайландыруға, қағаз түріндегі 20 құжаттың электронды түрде ұсынылуына мүмкіндік береді. Биылғы желтоқсан айында жүйе іске қосылады.

Теміржол көлігі саласында «Қазақстан темір жолы» АҚ 2018–2022 жылдарға арналған «Цифрлық теміржол» бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама аясында негізгі 4 бағыт бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев өз кезегінде цифрландыру компанияның барлық басты бағыттарын: теміржол инфрақұрылымын, жүк, мультимодальді және жолаушылар тасымалын қамтитынын айтты.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту аясында компания инфрақұрылымның нақты жай-күйіне қарай қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге көшу міндетін қояды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енген «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі» жобасын іске асыру бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Жоба алты мобильді-диагностикалық кешенді пайдалануды қарастырады, оның үшеуі 2018 жылдың желтоқсан айында жұмыс істей бастайды. Толық көлемде жүйе 2019 жылдың ортасынан бастап жұмыс істей бастайды. Жобаны енгізу нәтижесінде бүкіл магистральдық желі диагностикасы 180 күннің орнына 15 күнде жүргізілетін болады, 240 дефектоскоп оңтайландырылады, локомотивті күшке және вагон бөлігін ұстауға жұмсалатын шығындар екі есе азаяды», — деді Қ. Алпыспаев.

Оның айтуынша, жүк тасымалы саласында клиентке бағдарлануды арттыру мақсатында электронды оқыту бойынша өзекті міндеттер қойылып отыр. Өнеркәсіптік режімде жүйеге барлық 456 жүк станциясы қосылған. Жүйені енгізу республикалық жол қатынасында тасымалдауды жіберуге кететін уақытты 11 сағаттан 5 минутқа дейін, экспорттық жол қатынасында 35 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бүгінде Ресеймен, Қытаймен, Әзербайжанмен, Қырғызстанмен электронды алмасу іске асырылуда.

Мультимодальді тасымал жүйесін цифрландыру транзиттік контейнерлік тасымалдар өсім мәселесін шешуге бағытталған. Тапсырыстарды өңдеу уақытын азайту және жеткізу тізбегін оңтайлы басқару мақстында жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылған.

«Жолаушылар тасымалы саласында қызметтің клиенттерге бағдарлануына басым көңіл бөлінген. Электронды билеттендіру технологиясы аясында жолаушыларға билеттерді веб-сайттар арқылы сатып алу мүмкіндіктері ұсынылған. Биылғы жылдың 9 айының ішінде 17 млн астам билет рәсімделген, оның ішінде 11 млн астамы – электронды билеттер», — деді Қ. Алпысбаев.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...

ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН B2B ФОРМАТТА ФОРУМ ӨТТІ

АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛЫҚТЫ ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТЕРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Ауылшаруашылықты дамыту бүгінгі күннің басты әрі маңызды мәселесі Себебі, шартарапта адам санының артуы азық-түліктің сұранысына әкеліп соғуда. Шымкент қаласы әкімдігінің...