«Шымкент-2018» марафонына Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мен Ресейден келген 4000-нан астам адам қатысты.
Марафон Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес-клубынан басталып, Наурыз алаңындағы (Бәйдібек би) мәре сызығымен аяқталды. Марафон қашықтығы 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықтарға бөлінді. Әр қашықтықта түрлі жастағы қатысушылардан жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай құттықтады.
Айта кетейік, Шымкентте халықаралық дәрежедегі марафон алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін қаламызда жартылай марафондар өткен болатын.