2018 жылдың 9 қазанында Берік Имашевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында 2018 жылдың 5 қазанында сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөнінде отырыс өтті.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөнінде қаулы қабылдады:
2014 жылы 1 қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1974 ж. туылған, жұмыссыз, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды;
2017 жылы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1964 ж. туылған, Шымкент қаласы мәслихаты хатшысы, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров;
Қазақстан Республикасы Парламенты Сенатының тіркелген депутаттарына тиісті куәліктері пен төс белгілері тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты