Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды.
Съезд жұмысы дін көшбасшылары кеңесінің отырысынан басталды.
«Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» деп аталатын съездің пленарлық отырысына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.
Екінші күні — 11 қазанға секциялық отырыстар жоспарланған.
Съезд жұмысына ислам, православие, католицизм, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм, зороастризм секілді басты конфессиялардың рухани көшбасшыларын, сондай-ақ діни және қоғамдық ұйымдар өкілдерін қоса алғанда 80-нен астам делегация қатысуда. Сонымен қатар, пікір-таласқа саяси қайраткерлер, соның ішінде ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингер, Өркениеттер альянсы жоғары өкілі Насир Абдулазиз аль-Насер, «Діндер бейбітшілік үшін» бүкіләлемдік конференцияның бас хатшысы Уильям Вендл және Астанада ресми сапарымен жүрген Сербия президенті Александр Вучич қатысады.