Аппаратты-бағдарламалық кешен үшінші мегаполисте пилоттық режимде орнатылуда. Алғашқы «Сергек» кешені Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды.
Әзірге камералар пилотты режимде жұмыс жасайды: тек жол ережесін бұзушылықтарды анықтауда.
Жалпы «Сергек» камерасы келесідей ереже бұзушылықтарды анықтайды: жылдамдықты асыру; қызыл сызыққа өту; тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығу.
Аппаратты-бағдарламалық кешенді қаладағы 35 жол қиылысында орналастыру жоспарлануда, жалпы 160 бейнекамера орнатылмақ.
Қосымша айта өтсек, «Сергек» камерасы Астана қаласында орнатылған. Бейнекамера арқасында, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 8 айында жол-көлік оқиғаларының саны 22% -ға, жарақаттанушылар саны 21 %-ға, ал жол-көлік оқиғасынан қаза болушылар саны 50% -ға төмендеген.
Көлік жүргізушілердің назарына «Сергек» бейнекамерасы Шымкент қаласының қай көшелерінің қиылысында орнатылғандығы және орнатылатындығы туралы мәлеметтерді ұсынамыз.
Атап айтқанда:
-
Тас жолы А2: Алматы-Ташкент Термез тас жолы қиылысы және Байдибек би даңғылы (Бозарық айналма жол);⠀
2. Тас жолы А2: Алматы-Ташкент Термез тас жолының қиылысы және Сырым батыр көшесі (Қайнар бұлақ);⠀
3. Тас жолы А2: Алматы-Ташкент Термез тас жолының қиылысы және Әл-Фараби көшесі;⠀
4. Тас жолы А2: Алматы-Ташкент Термез тас жолының қиылысы (Молдағұлова-Мүсірепов);
5. Түркістан тас жолы және Бақбаев көшесі (Әуежайға бұрылыс);⠀
6. Түркістан тас жолы ( Киров бөлімшесі);⠀
7. Гагарин — Алпысбаев көшелерінің қиылысында; ⠀
8. Гагарин — Кентаев көшелерінің қиылысында;⠀⠀
9. Республика даңғылы («Рахат» аялдамасы);⠀
10.Республика даңғылы (Қазығұрт мөлтек ауданының бұрылысы);⠀⠀⠀
11. Республика даңғылы-Қазығұрт мөлтек ауданы (бұрынғы МАЙ тірегі);⠀
12. Төлеметов — Өтегенов көшелерінің қиылысында; ⠀
13. Төлеметов көшесі, Назарбаев мектебі;⠀
14. Өтегенов — Шакіров көшелерінің қиылысында: ⠀
15. Өтегенов көшесі («Жаңаша» моншасы);⠀
16. Қонаев даңғылы (Royal фитнес-клубы);⠀
17. Бәйдибек би даңғылы («Гранд Береке» кафесі);⠀
18. Бәйдибек би даңғылы («Алтын сарай» тойханасы);⠀
19. Арғынбеков көшесі («Көркем» тойханасы);⠀
20. Арғынбеков көшесі (Шаяхметов-Жібек жолы көшелерінің бағыты);⠀⠀
21. Жібек жолы және Арғынбеков көшелерінің қиылысында;
22. Жібек жолы көшесі («Шин-Лайн»дүкені)⠀
23. Жібек жолы көшесі («Шымкент Университеті »);⠀
24. Жібек жолы- Бабашұлы (Таскен мөлтек ауданы) көшелерінің қиылысында;
25. Момынов — Ибрагим ата көшелерінің қиылысында (Казбакалейторг айналма жолы);⠀
26. №1 Жол №74 орта мектептің жанында;⠀
27. Ленгер айналма тас жолы (ШНОС зауытына бұрылыс);⠀
28. Ленгір тас жолы («Сауран» демалыс аумағы);⠀
29. Ленгір тас жолы, Бадам-2 мөлтек ауданы;⠀
30. Сайрам елді мекені (Орталық базар);⠀⠀⠀
31. Жаңаталап мөлтек ауданы, Шардара көшесі (Кызылжар елді мекені);⠀
32. Забадам мөлтек ауданы, Саттарханов көшесі (Мешіттің жанында);⠀
33. Жібек жолы — Төлеметов (Маскен мөлтек ауданы) көшелерінің қиылысында;
34. Ленгер тас жолы — Н.Ырысбеков (Бадам-1 мөлтекауданы) көшесінің қиылысында;
35. Бәйтереков — Төлеметов көшелерінің қиылысында. ⠀