Кәсіпкер ана, креативті ана, ұйымдастырушы ана және көпбалалы ана.
Астанада дәл осындай 23 аталым бойынша еліміздің үздіктері анықталды.
«Асыл ана» деп аталатын республикалық фестиваль бұл жолы өзінің ауқымымен және ерекше форматымен таңқалдырып отыр. 2016 жылы бастау алған шара Ақтөбе мен Ақтау қалаларында өткен болатын.Ал, биыл алғаш рет елорда төрінде ұйымдастырылды. Байқауға 150-ге жуық нәзік жанды қатысты. Оларға көпшілік әлеуметтік желі арқылы дауыс берді және бүгін ең үздіктері марапатталды.
Бұған қоса, шара аясында елімздегі танымал және іскер әйелдер шеберлік сағаттарын өткізді.
Гүлбаршын Заирова, шараға қатысушы: — Ошақтың қасында отырып, бала туып, нан жауып, отбасының жағдайын жасап отыру кез келген әйелдің қолынан келеді. Ал сол бесікті тербете отыра, екінші қолымен әлемді тербету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ қазір қазақ әйелдері осы этапқа көтеріле бастады.
Яғни, бұл алаңда әйелдерге үлкен мүмкіндік бар. Өзінің қоғамдағы орны және отбасындағы орны екеуін ұштастыра білген әйел осы жерде жеңіске жету керек.
24.kz