Тараз қаласында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды.
Ресми рәсімге облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.
Білім беру мекемесінде жылына 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өте алады. Үш қабатты ғимарат барлық қажетті құралмен жабдықталған.
Білікті педагогтар да тартылды. Алик Шпекбаев сапар барысында арнайы ұйымдастырылған семинар кеңеске қатысып, облыс активімен жүздесті.
24.kz