Шымкент қаласында белгілі балалар дәрігері болған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ағабек Қарабековтың ізін жалғаушылар оңалту орталығын ашты. Орталық «Қарабеков қоғамдық қорының» тікелей қолдауымен ұйымдастырылған. Орталықтың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу, оңалту және дерттің асқынуын алдын-алу. Ашылған орталықта білікті мамандар қызмет көрсетеді.
Ағабек Қарабеков еңбек жолын ең алғаш Целиноград қалалық емханасында балалар хирургі болып бастаған. Балалар денсаулығын басты байлық деп санап, осы салада 40 жылдан астам уақыт тер төкті. Өмір жолында 29 ғылыми жаңалық, 3 монографиясы және 12 оқу-әдәстемелік ұсыныстары бүгінгі жас мамандарға ілім болуда. Осының айғағы бүгінде ғалымның өткен ізін өшірмей жалғаушы ұрпақтары бар. Белгілі дәрігердің атына қаламызда ең алғашқы оңалту орталығы ашылып, Ағабек Қарбековтың тәжірибесі жалғасуда.
Шымкент қаласында сәбилерде жамбас сүйегінің жетіспеушілі, яғни дисплазиямен ауыратын нәрестелердің саны басым. Міне осы санды азайту мақсатында жұмыс жасайтын орталық бүгінде оның ешқандай дәрі-дәрмексіз, табиғи емдеу жолын ұсынып отыр. Туа бітті дисплазияға шалдыққан сәбиді 3 айға толмай, қазақстандық өніммен емдеуге болады дейді мамандар.
Сондай –ақ оңалту орталығының дәрігер мамандары 3 айға толмаған жас сәбилерді рентгенге түсірмеуге кеңес береді. Себебі, рентгеннен келетін зиянды әсерлер өте көп. Міне осындай қауіптің алдын аладын орталық мегаполисте жүйелі жұмыс атқарада. Дананың хаты, жақсының аты өлмейді дегендей балалар денсаулығы үшін білімі мен күшін жұмсаған тұлғаның аты болашақ ұрпақтың жадында мәңгі қалмақ.
Аруна Пернебек