Түркестан

Түркістан облысында мемлекеттік органдардың көшуіне 2,4 миллиард теңге бөлінеді

Түркістан облысында мемлекеттік органдардың көшуіне 2,4 миллиард теңге бөлінеді.

2019 жылы Шымкент пен Түркістан облысы мемлекеттік бюджеттен 2,6 триллион теңге немесе бюджет шығынының 24 пайызы бөлінеді.

Бұл туралы Қаржы министрі қызметін орындаушы Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

Шолпанқұлов Мәжіліс депутаттарына 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын таныстыру кезінде өңірлердің жаңа бюджеті жайлы айтты.

«Бюджет жобасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық аумағын республикалық маңызы бар Шымкент қаласы мен Түркістан облысына бөлу шығынына жұмсалады.

2019 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 2,6 триллион — бұл дегеніміз жалпы бюджетті 24 пайызы бөлінед», — деді ол.

Шымкентке бюджетпен қамтамасыз ету деңгейіне қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, 2,4 миллиард теңге Шымкент пен Түркістан облыстарындағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына бөлінеді.
Kaz.tengrinews.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!