Ердоган

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!