0190NP.Still001

УЕФА турнирі: «Биік-Қазығұрт» әйелдер футбол командасы Испанияның «Барселона» командасынан басым түсті

Қаламыздағы Намыс футбол алаңында аяқ доптан әйелдер командалары арасындағы УЕФА «Чемпиондар лигасы» турнирінің 1/16 финалдық ойыны өтті. Бұл күні жарыс жолында Қазақстанның «Биік – Қазығұрт» әйелдер командасы мен Испанияның «Барселона» командасы кездесті. Ойын айтарлықтай тартысты өтті. Ойынның 1-ші минутарынан-ақ қос команда алғашқы голды соғуға асықты. Жарыстың 15-ші минуттарында «Биік-Қазығұрт» командасы ойын тізгінін қолға алды.

0190NP.Still001

Жерлестеріміз  1-ші  таймның соңғы минутында қарсыластың оң қапталынан бұрыштама добын қақпаға бағыттап есепті 1:0-ге жеткізді.

0170EV.Still001

Екі тайм арасындағы үзілістен соң Биік-Қазығұрт командасының шабуылшысы №12 Иквапут Фазила допқа иелік жасап оң қапталдан қақпаға допты бағыттау арқылы есепті еселей түсті. Есеп 2:0.

0190NP.Still001

Ойын қыза түсті. Қос командадан да айып доптар соғылып жатты. 2 таймның ортасында «Биік-Қазығұрт» командасының шабуылшысы Гулнара Габелиа есепті 3:0 ге жеткізіп көрерменге қуаныш сыйлады.

0134EG.Still0020162DQ.Still001

Осы сәтерде қарсыластар қарымта шабуыл жасап қақпаға тура бағытталған  допты   қақпашымыз №99 –шы  Оксана Железняк қайтара білді. Алайда Барселонаның бұрыштан соғылған добы өз пайдаларына шешілді.  Яғни есеп 3:1.

0171Q7.Still00101944M.Still001

Осылайша қос команданың тартысты ойын нәтижесі бойынша, «Биік-Қазығұрт» әйелдер командасы жеңіс туын желбіретіп, ел мерейін үстем етті.

0117SF.Still001

Жерлестеріміз басым түсті! Қазақстанның «Биік-Қазығұрт» командасы өз  жеңісімен жанкүйенрлерін қуантты!




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!