Головкин

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында қорытынды мәлімдеме жасады

Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз конференциясында Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Альварес 15 қыркүйекте өтетін рематчтан не күтетіндерін айтып сұхбат берді.

Алғашқы болып сөз алған GGG алдағы жарыстың бокс әлемі үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Мен осы жерде тұрғаным үшін бақыттымын, әрі өзімді өте тамаша сезінемін», — деді қазақстандық спортшы.

Сондай-ақ Головкин өзіне қолдау білдіріп жүрген жанкүйерлері мен жекпе-жек ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

Ал «Канело» екінші жекпе-жекке дайындығы туралы айтып, отбасы мен қолдаушы командасына ризашылығын білдірді.

«Көп сөйлегім келмейді, барлығын шаршы алаңда айтамын. Мен тек жеңіске жетуді қалаймын — бұл менің жұмысым. Жанкүйерлерімнің көңілі толатындай ойын көрсетіп, жеңісіммен бар Мексиканы қуантамын деген сенімдемін», — деді Альварес.

Жиын соңында қарсылас спортшылар журналистердің қойған сұрағына жауап берді. Головкин Альваресті «жақсы боксшы» деп атаса, «Канело» оны нокаутқа құлату үшін көп дайындалғанын жасырмай айтты.

kaz.nur.kz/




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!