Агент

«Айғақ»:Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметіндегі жағымды өзгерістер

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өткізілген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Бұдан әрі-Агенттік) брифингінде Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры  Р.К. Тюлебаев  2018 жылдың 8 айында Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде Әдеп жөніндегі  кеңестердің қызметіндегі жағымды өзгерістердің орын алығандығын айтты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарлатуда және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер және уәкілдер шешуші рөл атқарады- деді департамент директоры  Р.К. Тюлебаев.

 Олардың қызметі толығымен әдептілік бұзушылықтарының алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, алдын алу шаралары тәртіптік тәжірибеде оң өзгерістерге әкелді, жекелеген бағыттарда әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды.

Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерінің, әлеуметтік желілерде әдепсіз мінез-құлыққа байланысты бұзушылықтардың саны едәуір азайды. Ағымдағы жылы тек бірен-саран жағдайлар тіркелген.

Бұл жағымды өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстаным танытуымен тікелей байланысты, және де бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдардың үлесі де аз емес.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басында мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспар бекітілгенін айта кету қажет. Оның аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша шарлар жүзеге асырады.

Олар өздерінің бастамасымен профилактикалық іс-шараларға қатысып, азаматтарға қабылдау жүргізіп, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратып және мейлінше өзекті мәселелерді қарауға бастама жасауда.

Мәселен, Қостанай облысының Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен конкурстық рәсімдерді өткізу барысында заңнама нормаларының сақталуы бойынша Қостанай қаласының мемлекеттік органдарының сайттарына ауқымды мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде конкурстық іріктеу барысында анықталған бұзушылықтар үшін ҚРӘҚБтК 99-бабы 1 бөлігіне сәйкес 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жарқын мысал, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен басшының қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде әдептілік нормаларын сақтамағаны, дөрекілік танытқаны анықталды. Нәтижесінде Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай – ақ, бүгінгі күнде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдық нұсқаулықтары  зерделеніп, нәтижесінде 2500-ден астам лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілді. Қызметіне сай келмейтін және негізсіз жүктемелерге әкеп соқтыратын функциялар жойылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тарту фактілері қарастырылуда.

Заңсыз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою бойынша нақты  нәтижелер бар. Орталық мемлекеттік органдарда қызметтік компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілді. Бүгінгі күнде бұл тәжірибе аймақтарға да таралуда.

Мемлекеттік Басқару академиясы және оның филиалдарында кадрларды даярлау бағдарламасы аясында басшыларға, сондай – ақ прокрастинацияға биім мамандардарға тайм-менеджмент дағдыларына оқыту курстары енгізілді.

Аумақтарда жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар үстеме жұмысқа тарту фактілерінің 20 пайызға азайғанын көрсетті.

Жылдың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойынша жүргізілетін әлеуметтік зерттеулер қорытындысымен аталған бағыттағы нақты жағдайды көре алатын боламыз.

Бұдан басқа, барлық аумақтарда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша талдау жүргізілді, нәтижесінде 50-ден астам еңбек демалысын бермеу фактілері, мемлекеттiк қызметшілерге iссапарда болған уақытында тәулікақы төлінбеуі бойынша 100-ден астам фактілер, мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру жәрдемақысын уақытында төлемеудің 130-дан астам бұзушылықтары анықталып және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға жолдаған кездегі 900 бұзушылық фактілері анықталды.

Осылайша, талдау барысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімімен әрбір іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерден әкімдіктің қажеттілігіне деген сылтаумен жүйелі түрде ақша қаражатын заңсыз жинаған анықталды.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерден ақша қаражатын заңсыз жинау тәжірибесінің жолы кесілді.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруға қатысты 15 аумақта мемлекеттік қызметшілерге тегін медициналық көмек қамтамасыз етілді және спорттық нысандарға тегін бару мәселесі шешілді.

Бүгінгі күні аталған аумақтарда мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 30%-дан астамы (12495) спортпен шұғылданады.

Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген («….салауатты өмір салтын ұстану мен кәсіби тұрғыдан жетілу – мінез-құлықтың іскерлігі») бағыттарымен ұштасады.

Дайындаған: Айдар Дидар




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!