Түркістан өңірінен бастау алған «Денсаулық» фестивалі Шымкентке келіп жетті. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының ұйымдастыруымен өткен шара Қошқар ата маңында жалғасты. Акцияға қатысушылар — қала тұрғындары. Шараның мақсаты — халық арасында белсенділік пен салауатты өмір салтын қалыптасытру болып табылады.
Спорттық шараға қатысушылардың жас ерекшелігінде шектеу болмады. Бұл күні үлкені мен жасы да суға түсіп, дене шынықтыруда. Себебі, Қошқар ата бұлағының емдік қасиеті мол, дертке дауа. Мұнда соңғы жасалған жөндеу жұмыстарынан кейін келушілер қатары да артқан.
Денсаулық акциясы тек суға түсумен ғана шектелмеді. Сонымен қатар, жастар арасында спорттық жарыстар мен тегін медициналық көмектермен жалғасты. Оған қалалық емхана дәрігерлері «Денсаулық қалашығын» құрған. Қаз-қатар тізілген дәрігерлерге акцияға қатысушылар мен келген қонақтар қан қысымын өлшетіп, ішкі құрылыстарын тегін тексертуге мүмкіндік алды.