IMG-20180907-WA0049

Түркістан қаласында «Денсаулық сақтау фестивалі-2018» акциясы басталды

2018 жылдың 7-8 қыркүйек күндері Түркістан қаласында «Денсаулық сақтау фестивалі-2018» акциясы өтеді.

IMG-20180907-WA0052

Бүгін аталған акцияның аясында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев Кентау қаласындағы орталық ауруханада компьютерлі томография орталығын ашты.

IMG-20180907-WA0053

Сонымен қатар,акцияның екінші күні  сағат 8:00-де Түркістан қаласында Денсаулық фестивалі – 2018» кең ауқымды акциясы басталады.

Түркі бағы алаңынан «Алматы» алаңына дейін жалғасатын керуен шеруге әкімшілік қызметкерлері, барлық басқарма қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, сарбаздар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысады.

Спорт саласының шеберлері жағылған фестиваль алауын жеткізіп облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Денсаулық фестивалінің от-алауын жағады.

Мақсат ТОҚСАНБАЙ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!