т8

«Айғақ»: Түркістан облысының әкімі Халықаралық ұйымның «Құрмет» орденімен марапатталды

Түркістан қаласында Халықаралық Түрксой ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты салтанатты шаралар өтті. Аталған шараға алыс-жақын шет елден келген қонақтар қатысты. Өткен жылы «Түркістан шаһары – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанды. Осыған байланысты облыс әкімдігі тиісті іс-шараларды жүзеге асырған болатын.

Халықаралық ұйымның жұмысына белсене қатысқаны үшін салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар Түркістан облысының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

т7

АНЫҚТАМА: ТҮРКСОЙ — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы. 1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған. Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі — түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара қаласында орналасқан.

Ұйымның басты мақсаттары:

Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.

Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.

Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.

Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.

Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау

Мүше елдер (құрылтайшылар): Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан  мемлекеттері.

Қараушы елдер (кейіннен қосылғандар): Гәгәузия (Гагауз Йери); Солтүстік Кипр Түрік және Татарстан Республикасы.

«Айғақ-ақпарат»




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!