Негізгі жұмыстар Тараз қаласында жүргізілуде. Биыл қалада жылу тасымалдайтын үш шақырымдық магистральды құбырларды жаңарту жоспарланған. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Қазір қайта жаңғырту, жаңалау жұмыстары жүріп жатқан жерден[OKNA] жергілікті тілшіміз тікелей байланысқа шығады.
Руслан өңірдің жылу маусымына дайындығы қандай? Мамандар бұл жұмыстарды уақытылы үлгере ме? Руслан Бақытбекұлы, тілші: — Үлгеруге міндетті. Жылу маусымына санаулы күнер ғана қалды. Көріп тұрғандарыңыздай жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаһардағы Дулати мен Әйтиев көшелерінің қиылысы. Мұнда қазір ұзындығы 1 шақырым магистралдық жылу құбыры жаңасына ауыстырылып жатыр. Дәл осындай жұмыстар Қойгелді, Абай даңғылдарында да жүргізіліп, аяқталуға жақын қалды. Қазба жұмыстары мен негізгі көшелердің жабылуы тұрғындарға аздап кедергі келтіргенімен шаруа кезек күттірмейді. Жұмыс маусым айынан басталған. Мамандар оны дер кезінде аяқтау үшін күндіз-түні еңбектеніп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін биылға жоспарланған жұмыстың 74 пайыз біткен. Ал жалпы қаладағы жылу желілерінің 70 пайызға жуығы ескірген. Оларды жаңғыртуға құны 10 миллиардқа жуық теңгенің үш жобасы әзірленді. Бұл ақшаға 2020 жылға дейін 12 шақырымды ауыстыру жоспарланып отыр.
Руслан Бақытбекұлы, тілші: — Биыл осы қаржының 1,7 миллиарды игеріліп, үш мың шақырым құбыр ауысады. Бұл тұтынушыларға жылуды үздіксіз беруге мүмкіндік туғызбақ. Аймақтағы әлеуметтік, бюджеттік нысандардың дайындығы қандай? Руслан Бақытбекұлы, тілші: — Жауапты мамандар жылу маусымына дәл бүгінгі күні 98 пайыз дайынбыз деп отыр.
Айтуларынша, өңірдегі 1753 әлеуметтік маңызы бар нысандардың 1739-ы қысқа дайын. Қалғандарында жөндеу жүріп жатыр. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің бірқатарында бұл мәселені тез арада шешу қажет. Облыста 1475 көпқабатты үйлердің 57-сі әлі қысқа толық дайын емес көрінеді. Дайындық барысы туралы толық ақпаратты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары береді. Сізге бірінші сұрақ: 57 үйдің мәселесі қашан шешіледі? Оған кедергілер бар ма? Және бірден екінші сұрақ: Қыстық отын жеткілікті ме? Құдайберген Қорғанбаев, облыстық энергетика және ТКШ басқарма басшысының орынбасары: — Облыста 434 автономды түрде жұмыс істейтін қазандық бар. Олар 100 пайыз дайын.
Жылу маусымына Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларындағы қазандықтарға отын сатып алуға 1,2 миллиард теңге қажет. Оған 4-тоқсанға облыстық бюджеттен 413 млн теңге бөлінді.
24.kz