2018 жылдың 4 қыркүйекте Астанада ҚР Үкіметі селекторлық жүйеде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаралған мәселе бойынша Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев баяндама жасады. Аймақ басшысы бүгінгі таңда аталған жұмыстарды атқару аясында облыс бойынша цифрлық жерсеріктік және эфирлік желілері бойынша қосылған абоненттер саны 362 мыңнан асатынын жеткізді. «Аналогтық эфирлік телехабар таратудың өшірілуіне байланысты, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған орай, цирфлық эфирлік теле, радио хабарларын таратуға көшудің бірінші кезеңі бойынша Түркістан облысы осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін көшу жоспарланған. Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Түркістан облысына тиесілі радиотелевизиялық станцияның (РТС) қазіргі таңға 78-і салынып, қалған 1 РТС-тің құрылысы 2018 жылдың қараша айында аяқталады», — деді әкім.