ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Байғұрманов пен осы департаменттің экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Бейсенбаевты ұстады.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған лауазымды тұлғалар осы жылдың наурыз айында қылмыстық істі тоқтату және 1,1 млрд. теңге мөлшеріндегі салықты салмау үшін ЖШС-нің өкілінен алған 100 мың АҚШ долларын қайтадан қайтару барысында әшкереленді.
Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында жүргізілген тексеру нәтижесінде олардың 160 мың АҚШ долларынан асатын ақшалай қаражаты, 10,5 миллион теңгесі және 9 жұп қымбат швейцариялық сағаттары табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда екі күдікті де Павлодар қаласының тергеу соты санкциясымен қамауға алынды.
Дайындаған Айдар Дидар